top of page
Тапанов.png

 ТАПАНОВ ЕРҒАЛИ ТАПАНҰЛЫ

Тапанов Ерғали Тапанұлы 1955 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

Еңбек жолын 1978 жылы Каспий бойы мұнай барлау экспедициясында бұрғылаушының көмекшісі болып бастаған.

1981-1986 жылдар аралығында Гурьев облысы Балықшы ауданындағы Ленин атындағы кеңшардың комсомол ұйымының хатшысы,  1986-88 жылдары Балықшы аудандық компартия комитеті ұйымдастыру бөлімінің хатшысы болса, 1988 - 1990 жылдар аралығында Гурьев облыстық атқару комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметінде болды.

1990 - 1992 жылдар аралығында Гурьев облысы Балықшы ауданы, Ленин атындағы кеңшардың бас инженері қызметін атқарды. 1992 жылдан бастап  Атырау облысы Балықшы ауданында Еркінқала өндірістік кооперативі төрағасының бірінші орынбасары, кейін 2005 жылдан бастап осы кооперативтің төрағасы болды. 2007-2011 жылдар аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналысып, «Ер Мирас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болды.    

2011 жылдан бастап 2018 жылдар аралығында Еркінқала ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқарды.

Е.Тапанов осы мемлекеттік басқару саласындағы жұмыс кезінде өзін білікті, ұйымдастыру қабілеті жоғары басшы екенін танытты.

Оның бастауымен Еркінқала ауылында амбулатория құрылысы салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Округ әкімінің бастауымен көп жылдан бері иесіз, күтусіз қалған Еркінқала ауылында орналасқан саябақ Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай ауыл әкімінің бастамасымен қоғамдық негізде толық жөндеуден өткізіліп, ауыл тұрғындарының серуендеп дем алатын көпшілік орнына айналды. Сол жылы демеушілердің көмегімен, ауылдың орталық көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, Еркінқала, Ракуша, Балауса ауылдарының    10-нан астам көшелеріне тас жол салынып, халықтың көп уақыттан бері көтеріп жүрген өзекті мәселелері оң шешімін тапты.

Ерғали Тапанұлының белсенділігімен, қажырлы еңбегімен округ аумағында осындай жұмыстардың жүргізілуіне қосқан үлесі зор.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңдылық актілерді толық меңгерген, жұмыста өзінен де, өзгеден де әрқашан үлкен жауапкершілікті талап ететін Е.Тапанов округ  көлемінде  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  саясатын  жүргізуде, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда әрқашан үлкен белсенділік танытып келді.

Көп жылғы еселі еңбегі арқылы «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен наградталған.

 Е.Тапанов 2018 жылдың 3 сәуірінен бастап зейнеткерлікке шықты.

Тапанов: Текст
bottom of page