top of page
Жалмуханова.png

ЖАЛМУХАНОВА РАБИГА ТАЙЖАНОВНА

Жалмуханова Рабига Тайжановна   еңбек жолын 1975 жылы Гурьев облысы Ескене поселкесіндегі «Эмбанефть» телефон стансасының телефонист қызметінен бастаған. Әр жылдары әр түрлі мекемелерде телефонист болып қызмет атқарған.

           1994 жылы Ресей Федерациясының Мемлекеттік қызмет институтын персоналды басқару менеджері мамандығы бойынша аяқтап, осы жылы мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек жолын бастады. Рабига Тайжановна   22 жылдан астам мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек өтілін Атырау қаласы әкімі аппаратында бастап, 2017 жылға дейін  осы мекемеде қызмет атқарып келді. Қала әкім аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің І-санат маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім бастығы, 2006 жылдан бастап кадр қызметі бөлімінің бастығы, 2014 жылдан бастап бөлім атауының өзгеруіне орай персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Р.Жалмуханова мемлекеттік қызмет саласында жұмыс жасаған уақыт ішінде өзінің еңбекқорлығымен, білімділігімен үлкен жетістіктерге жетіп, персоналды басқару қызметі саласындағы бар білімін жұмыс бабында тиімді пайдаланып келді. Жүктелген тапсырмаларды орындауда белсенділікпен араласып, маңызды мәселелердің шешімін оңай таба білетін, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарайтын, бойынан нағыз мемлекеттік қызметшіге тән қасиеттер жинақталған білгір маман.

Мемлекеттік қызмет саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2017 жылдың наурыз айынан бастап зейнеткерлікке шықты.

Жалмуханова: Текст
bottom of page