top of page
Ермекова.png

ЕРМЕКОВА КЛАРА СИРАЖОВНА

Ермекова Клара Сиражовна 1957 жыл 25 желтоқсанда  Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген. К.Ермекова еңбек жолын 1974 жылы Атырау (бұрынғы Гурьев) қаласындағы №13 мамандандырылған училищеде зертханашы қызметінен бастады.

1980 жылы Атырау педагогика институтын аяқтап, химия және биология пәндерінің мұғалімі мамандығын алып, Атырау облыстық қаржы басқармасының экономисті болып жұмыс жасады. 1988 жылы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ауысып, инспектор, бөлім бастығының орынбасары  қызметтерінде болды.

2000 жылдан  бастап 2016 жылға дейін Атырау  қаласы әкімі аппараты жалпы бөлімінің  басшысы лауазымында қызмет атқарды.

К.С.Ермекова осы салада жұмыс жасаған уақыт ішінде өзін еңбекқор,  принципшіл қызметкер, жақсы ұйымдастырушы екенін көрсетті. Берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарайтын, жүктелген міндетті мерзімінде және сапалы орындайтын, бөлімге жүктелген жұмысын жүзеге асыру барысында маңызды мәселелердің шешімін таба білетін білгір маман болды.  Сонымен қатар, ол қоғамдық жұмысқа да белсене араласып, қала аумағында өткізілетін әр түрлі деңгейдегі шараларда, сайлау науқандарын өткізуге де өз үлесін қосты. Қала әкімі аппаратының кәсіподағын басқарып, аппараттың қоғамдық өміріне ат салысып, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларына қолдау жасады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы кезеңінде, яғни 1992-1995 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жүйесінің жаңа заңдар бойынша есептеу жүргізу, Қазақстанның басқа облыстарына үлгі болып, алғаш рет жағдайы төмен жанұяларға, жалғыз басты адамдарға көмек көрсету мақсатында «Қайырымдылық» атты айлығын жүргізу, балалары жоқ қараусыз қалған қарттар үшін қарттар үйін ашу жұмыстарына К.С.Ермекованың қосқан үлесі өте зор. К.Ермекова қоғамдық жұмыстарды атқару барысында өзінің табандылығы мен жауаптылығын танытып, белсенділігін көрсете білді.

Осындай шараларды, науқандарды жоғарғы деңгейде, нәтижелі ұйымдастырғаны үшін ол Қазақ ССР Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағының Қазақ Республикалық комитетінің  «Құрмет грамотасымен»  марапатталды.

Сондай-ақ, Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі, мемлекеттік тапсырмаларды орындау мен ұйымдастыру жұмыстарындағы жетістіктері үшін «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, Атырау облысының «Құрмет грамотасымен», облыс және қала әкімдерінің, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің алғыс хаттарымен  марапатталды. 

            2016 жылдың желтоқсан айынан бастап зейнеткерлікке шықты.

Ермекова: Текст
bottom of page