top of page
Безымянный.png

АЛМИШЕВА КУНГАНЫМ  КАБДОЛОВНА

Алмишева Кунганым  Кабдоловна 1954 жылы 21 наурызда Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. 1976 жылы Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын география және биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1976 жылы Индербор поселкесіндегі Уәлиханов атындағы орта мектептің мұғалімінен бастап, кейін оқу-тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары қызметін атқарған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1977 жылы Қазақстан жастар одағының Индер аудандық партиясының хатшысы болып бастаған. 1981- 88 жылдар аралығында Қазақстан компартиясы Индер аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің инструкторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, партиялық есепке алу секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1992-1997 жылдары Балықшы аудандық әкімшілігі жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1997-1999 жылдары аралығында Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының бас маманы қызметінде болды. 1999 жылы Атырау қаласы әкімінің аппаратына ауысып, 2012 жылға дейін қызметтік корреспонденция секторының меңгерушісі, жалпы бөлімінің бас маманы лауазымдарында қызмет атқарған. Өз ісіне аса жауапты, берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, өзінің байсалдығымен, байыптылығымен әр мәселенің оң шешімін тауып білген білікті маман. Қала әкімі аппаратында қызмет етіп келген уақытында қызметтік корреспонденция секторын басқара отырып, қала әкімінің және оның орынбасарларының атына келіп түскен хаттардың жауаптарының уақытында орындалуын, хаттардың жүйелі таратылуын басты назарда ұстады. Қала әкімінің қоғамдық қабылдауын ұйымдастыруды үнемі жүйелілікпен,  жауапкершілікпен, азаматтармен жақсы қарым-қатынас орната отырып атқарып келген мемлекеттік қызметші. Өзінің биязы да сабырлы, әрдайым салмақты мінезімен ұжымдастары ортасында үлкен беделге, құрметке ие болды. Бар жиған білімі мен тәжірибесімен бөлісуде жас мемлекеттік қызметшілер үшін үлкен білім мектебі бола білген Күнғаным Қабдолқызының асыл қасиеттері ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Көп жылғы мемлекеттік саладағы қызметі үшін «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен және Атырау облысы, қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Алмишева: Текст
bottom of page