top of page
Умталиев: Текст
Умталиев.jpg

ҮМТАЛИЕВ ХАТИМ АЙЫПҰЛЫ

1940 жылы 31 қаңтарда Котяевка селосы, Байда селолық округі, Теңіз ауданы, Гурьев облысында туған. Ганюшкин селосынан 1958 жылы Абай орта мектебінен 10 сыныпты бітіреді.Оқу бітірген жылы комсомолдық жолдамамен Теңіз ММС кәсіпорнына ағаш шеберханасында, кейіннен шоферлік қызметтерде болған.1960-63 жж.аралығында Совет армиясы қатарында болып, армиядан кейін Кудряшов селосындағы тубсанаторияда культмассовик және  шоферлік қызметтерде болып,1964-1966 жылдарында Семей қаласындағы қаржы-кредит техникумын оқып, экономист-қаржыгер мамандығы бойынша Құрманғазы (Теңіз) қаржы бөліміне кірістер бөлімшесінің басшылық қызметіне,кейіннен басшының орынбасары және бөлім бастығы болып 25 жыл үстінде қызмет атқарды. 1992-1993 жылдары аралығында  аудан әкімінің экономика саласы бойынша орынбасары,1993-2000 жж.облыстық бақылау комитетінің аудандағы филиалында бас-бақылаушы тексерушісі қызметін атқарды.    2000-2005 жылдары аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі болып, 2005 жылдан бері зейнеткерлікте. Жоғарыдағы қызметтерді атқара жүріп, Москва қаласындағы бүкілодақтық қаржы –кредит  факультеті  институтын бітірген. 1987-1991 жж.Теңіз атқару комитетінің мүшесі, аудан депутаты болып сайланған. 1981-1991 жж.партия комитетінің тексеру мүшесі т.б қоғамдық жұмыстарға араласқан. Жұмыс атқарған жылдарында социалистік жарыстарды 2 рет  3 орынды, 1 рет 2 орынды жеңіп алып,осы көрсеткіштерге сәйкес 1981 жылы СССР-дың Құрмет белгісі  орденімен, 1978 жылы СССР қаржы Министрлігінің “Қаржы қызметкерінің Үздік төс белгісімен”, 1984 жылы “Еңбек ардагері ” медалімен, СССР, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің кәсіподақ комитетімен, халық депутаттары облыстық Совет атқару комитетінің, Облыстық қаржы бөлімінің мақтау грамоталарыме н,ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған.

         Облыстық  қаржы бөлімімен “Құрмет кітабына” есімі жазылып, “Кіріс қызметінің Үздік экономисі ”атағы және 2006 жылы “Құрманғазы ауданының құрметті азаматы”атағы берілген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Отправлено. Спасибо!

Умталиев: Оставить отзыв
bottom of page