top of page
Нургалиева: Текст
Нургалиева.jpg

НҰРҒАЛИЕВА РАЙСА АСҚАРҚЫЗЫ

1949 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Ганюшкино селосында туылып, аталған селода 11 жылдық мектеп бітірді. 1966 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтына түсіп,1971 жылы экономист мамандығын алып шықты. Еңбек жолын 1971 жылы Құрманғазы ауданындағы Киров атындағы совхозда еңбек жөнінде экономист болып бастап, 1974 жылдан 1985 жылға дейін сол шаруашылықта бас экономист болып қызмет істеді. Шаруашылықта өз жұмысымен қатар қоғамдық жұмысқа да белсене қатынасып, 2 дүркін селолық советтің депутаты болып сайланды. 5 жыл аудандық партия комитетінің тексеру комиссиясының төрайымы болды.  1985 жылдан 1986 жыл аралығында аудандық статистика бөлімін басқарды. 1986 жылдың қазан айынан бастап аудандық жоспарлау комиссиясының бастығы, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып қызметтер аткарды. 1992 жылдан 1994 жылға дейін аудан әкімшілігі бастығының орынбасары, 1995 жылдан бастап аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы. 1996 жылдан бастап  2008 жылға дейін аудандық қаржы бөлімінің бастығы болып жұмыс жасады. Райса Асқарқызы  мол тәжірибелі, ізденімпаз басшы, өзі басқарған ұжымында, қоғамдық жұмыстарда, жастарды тәрбиелеуде қаржыгер ғана емес, жаңашыл ұстаз бола білді. 2 дүркін аудандық Советтің депутаты болып сайланды. 1996 жылы ҚР экономика Министрлігінің Кұрмет грамотасымен, 1998 жылы «Астана» медалімен,    2001 жылы ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың Алғыс хатымен, 2003 жылы областық маслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталған,  2008 жылы зейнеткерлікке шықты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Отправлено. Спасибо!

Нургалиева: Оставить отзыв
bottom of page