top of page
Нугманова.jpg

НУГМАНОВА КУЛАШ ҚАДЫРҚЫЗЫ

1956 жылдың 01 қарашасында Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Морской селолық округінде дүниеге келген. 1974 жылы Абай атындағы орта мектепті аяқтағаннан кейін Гурьев қаласындағы «№5 горпищеторгта» кассалық аппараттың кассирі болып еңбек жолын бастаған. 1976 жылы Целиноградтағы қаржы-экономикалық техникумына түсіп, оны 1978 жылы бітіргеннен кейін сол жылдың маусым айынан 1979 жылдың қараша айына дейін Новобогат аудандық қаржы бөлімінде бас бухгалтердің орынбасары қызметін атқарды.
1979 жылдың қараша айынан 2014 жылға дейін Құрманғазы аудандық қаржы бөлімінде әр түрлі лауазымдарда, оның ішінде, бюджет бойынша экономист, бөлімнің бас маманы, бөлім басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарып, бірнеше жылдар бойы қаржы саласында еңбек ете жүре, бар білімі мен күш-жігерін аудан экономикасын көтеруде аянбай жұмсап, 2016 жылы зейнет демалысына шықты.
2006-2013 жылдары қаржы саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен екі рет марапатталған.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің қалыптасу және даму ісіне елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алғыс хатымен, сондай-ақ, бірнеше рет аудан әкімінің, облыстық мәслихаттың Алғыс хаттарымен марапатталған.

Нугманова: Текст

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Отправлено. Спасибо!

Нугманова: Оставить отзыв
bottom of page