top of page
Ө.Нұриев 1.jpg

НҰРИЕВ ӨТЕП ҚАСИБАҰЛЫ

1943 жылдың 21 желтоқсанында Индер (Есбол) ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек ардагері. Білімі жоғары. 1964 жылы Гурьев ауыл шаруашылығы техникумын, 1978 жылы КПСС ОК жанындағы сырттан оқытатын Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1964 жылдың наурыз айында Маңқыстау ауданының «Екпінді» колхозында (орталығы Онды ауылы) ауылшаруашылығы машиналарының механигі болып бастаған. Сол жылдың желтоқсан айынан 1967 жылдың қараша айына дейін Совет Армиясының қатарында - Москва Әскери округінде болған. 1968-1980 жылдары Индер аудандық комсомол, партия комитеттерінде сектор, бөлім меңгерушісі, нұсқаушы, ал 1980-1985 жылдары СССР-дың 60 жылдығы атындағы Индер борат кенішінің партком хатшысы міндетін атқарған. 1985 жылдың қаңтарынан 1991 жылдың қыркүйегінде КПСС тарағанша аупарткомда бөлім меңгерушісі, 2-хатшысы болған. Кейін Халық депутаттары аудандық Кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы, Мемлекеттік мүлік жөніндегі Атырау аумақтық комитетінің аудан бойынша бастығы қызметін атқарған. 1995 жылдың шілдесінен 2007 жылдың шілдесіне дейін аудандық халықты еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, соңғы 4 жылда аудандық маслихаттың тексеру комиссиясы төрағасы болып абыройлы еңбек еткен. Еңбегі елеусіз емес. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», Қазақстан Конституциясына 10 жыл, 20 жыл, т.б. бірнеше мерекелік медальдармен, ҚР Еңбек және Әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2 мәрте Құрмет грамотасымен,  3 рет Атырау облысының Құрмет грамотасымен марапатталған. Индер ауданының Құрметті азаматы (2007 жыл). Еңбек еткен жылдары бірнеше рет аудандық, облыстық комсомол, партия конференцияларына делегат, аудандық советке, аудандық маслихатқа депутат болып сайланды. 1995 – 1996 жылдары әкімияттың сайлау комиссиясының төрағасы міндетін атқарған. 2001 – 2007 жылдары аудандық әкімият мүшесі. 2012 жылдың мамыр айынан аудандық ардагерлер Кеңесін қоғамдық негізде басқарып келеді. 2016 жылы 20 сәуірде өткен Республикалық Ардагерлер ұйымының VII-съезінде Орталық Кеңесіне мүше болып сайланған. Отбасылы. Индербор кентінде тұрады. Кеңестердің депутаты болған. 1995-1996 жылдарыаумақтық сайлау комиссиясының төрағасы міндетін атқарған. 2001-2007 жылдары аудандық әкімият мүшесі. 2012 жылдан аудандық ардагерлер Кеңесін қоғамдық негізде басқарып келеді. 2016 жылы Республикалық Ардагерлер ұйымының  Орталық Кеңесіне мүше болып сайланды.
Индер ауданының құрметті азаматы

Нуриев: Текст
bottom of page