
МУРЗАГАЛИЕВ ҒАЛЫМЖАН ҒИМРАНҰЛЫ
Мурзагалиев Ғалымжан Ғимранұлы 1948 жылы 9 тамызда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Утера селосында дүниеге келді. Орта білімді Котяевка селосындағы Крупская мектебінен алған. 1965-1969 жылдары Алматы халықшаруашылығы институтын қызыл дипломмен бітірген. Еңбек жолын «Коммунизм жолы» совхозында экономист болған.
1970-1971 жылдары «Память Ильича» колхозында экономист;
1971-1973 жылдары Құрманғазы совхозында экономист;
1973-1977 жылдары Коммунизм совхозында бас экономист ;
1977-1981 жылдары Көптоғай совхозындағы бастауыш партия ұйымының хатшысы болып қызмет атқарған.
1981 жылы Теңіз аудандық партия комитетінде инструктор;
1982-1987 жылдары Теңіз ауданының ауылшаруашылық бөлімін басқарған.
1991-1996 жылдары Теңіз ауданының Салық комитеті басшысының орынбасары;
1997-2008 жылдары аралығында Салық комитетінің басшысы болған;
2008-2009 жылдары Құрманғазы ауданы әкімдігінің жалпы бөлім басшысы;
2010 жыл Аудандық музей басшысы;
2009-2012 жылдары аралығында Құрманғазы ауданының мәслихат аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.
2012 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты.
Наградалары:
1998 жылдан бастап Құрманғазы ауданының құрметті азаматы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Кіріс Министрінің Құрмет
грамотасы;
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаты»;
Қазақстан Республикасының «Салық қызметінің үздігі» төс белгісі
және грамотасы;
Облыстық және аудандық Құрмет грамоталары (бірнеше).
Зайыбы Садирова Жұлдыз Абай орта мектебінде ұстаз болған. Қазіргі таңда зейнеткер. 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Барлығы да жоғары білімді және өз теңдерін тапты. 8 немере, 6 жиені бар