top of page
А.Бердіғалиев.jpg

БЕРДІҒАЛИЕВ АМАНҒАЛИ

1928 жылы 7 наурызда Қызылжар ауылында дүниеге келген. Білімі орта арнаулы. Гурьев ауыл шаруашылығы техникумын сырттай оқып бітірген. Мамандығы «кіші зоотехник». Тыл және еңбек ардагері. Республикалық дәрежедегі зейнеткер.
Еңбек жолын 1943 жылы Есбол аудандық жер бөлімінде жоспарлаушы болып бастаған. Партия қатарына өтіп аудандық комитеттің нұсқаушысы болып 1949 жылға дейін жұмыс жасаған. Әскер қатарынан оралып 1954 - 1964 жылдары аудандық партия комитетінде сектор, бөлім меңгерушісі, І-хатшының көмекшісі, партия ұйымдастырушысы, ал 1965 – 1988 жылдар аралығында Индер аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін абыроймен атқарған. Осы жылдарда ол бірнеше дүркін аупартком бюросына, аудандық Советі атқару комитетіне мүше болған. Әлденеше рет аудандық, облыстық партия конференцияларына делегат, аудандық Советке депутат болып сайланған. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін 20 жылдай аудандық ардагерлер ұйымының құрамында белсенді жұмыс жасады. Соған байланысты оған Индер аудандық ардагерлер кеңесі төралқасының 2013 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен Индер аудандық ардагерлер кеңесінің «Құрметті төралқа мүшесі» атағы берілді. БЛКЖО Орталық Комитетінің, КСРО, Қазақ КСР Халықтық бақылау комитеттерінің Құрмет грамоталарымен,                 «1941 – 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін», В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Айбынды еңбегі үшін», Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесінің медальдарымен, аудандық, облыстық деңгейдегі мақтау қағаздарымен марапатталған.
Индер ауданының Құрметті азаматы (1999 жыл).

Бердигалиев: Текст
bottom of page