top of page
С.Тасқарин.jpg

ТАСКАРИН СҮНДЕТ

1926 жылдың 07 қазанында Елтай ауылында туған. Тыл және еңбек ардагері. Облыстық дәрежедегі зейнеткер. Білімі орта.
Еңбек жолын туған ауылындағы «Социализм» колхозында қатардағы колхозшы болып бастаған. 1944 жылы әскер қатарына Есбол аудандық әскери комиссариаты арқылы шақырылып, 1951 жылға дейін Кеңес Армиясының қатарында болған. Осында жүріп Қазан қаласындағы әскери-саяси училищені, Сыктывкар қоғамдық ғылымдар университетін, КСРО Қарулы Күштері Бас басқармасының лекторлар курсын бітірген. 1951 – 1956 ж.ж. Есбол аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық шикізат дайындау мекемесінің директоры, аудандық Советі атқару комитетінің жауапты хатшысы. 1956 – 1960 жылдары «Социализм» колхозының басқарма төрағасы болған ол, 1960 жылы аудандық партия комитетінің жолдамасымен Жарсуаттағы Махамбет атындағы колхозға партком секретары болып сайланған. Кейін осындағы Жамбыл атындағы совхоздың партком секретары болып ширек ғасырдың үстінде абыройлы еңбек етті. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлкен үлес қосқан азамат. Аталған совхоздың директорының орынбасары болып жұмыс жасап зейнеткерлікке шықты. Бірақ қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқ. 1987 жылдан 2008 жылға дейін 20 жыл ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымын біліктілікпен басқарды. Ауылдың абзал ақсақалы. Аудандық ардагерлер алқасының шешімімен оған «Жарсуат ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының Құрметті төрағасы» атағы берілді. 2017 жылы ауданда «Республикалық ардагерлер ұйымына 30 жыл» мерекелік медаліне ие болған екі ардагердің бірі. Еңбек еткен жылдары әлденеше рет Кулагино, Елтай, Жарсуат ауылдық және Индер (Есбол) аудандық Кеңестерінің депутаты, аудандық партия комитетінің мүшесі болып сайланды. «Құрмет белгісі» орденімен, 10 нан аса медальдармен марапатталды.
1999 жылдан Индер ауданының Құрметті азаматы.
Таскарин отбасы 2018 жылы республикада өткен «Мерейлі отбасы» байқауының лауреаты атанды.

Таскарин: Текст
bottom of page