top of page
С.Кубашев.jpg

ҚҰБАШЕВ САҒИДОЛЛА ҚҰБАШҰЛЫ

1927 жылдың 10 ақпанында Атырау облысы, Есбол ауданы, Елтай ауылында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1966 жылы), 26 ғылыми жұмыстың авторы. 1949 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын тәмамдаған. Мамандығы «ғалым-зоотехник».
1949 – 1953 ж.ж. Гурьев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі, басқарма бастығының орынбасары. 1953 – 1960 ж.ж. «Передовик» колхозында басқарма төрағасы, 1960 – 1963, 1964 – 1982 ж.ж. Гурьев, Ақтөбе, Қызылорда облыстық Советі атқару комитеттерінің төрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1963 – 1964, 1982 – 1987 ж.ж. Гурьев, Семей облыстық партия комитеттерінің   І хатшысы, 1987 жылдың қаңтар айынан 1988 жылдың қараша айына дейін Қазақстан Компартиясы ОК 2-хатшысы болды. Одақтық дәрежедегі зейнеткер. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің V-XI шақырылымдарының, КСРО Жоғарғы Кеңесінің XI-шақырылымының депутаты болды. СОКП-ның ХХІІ-ХХVІІ съездерінің, Қазақстан Компартиясының VІІІ-ХVІ-съездерінің делегаты. Ленин, Октябрь революциясы, төрт мәрте Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен, 8 медальмен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 3 мәрте Құрмет грамотасымен, ВДНХ-ның 5 алтын медалімен марапатталған.
Индер ауданының Құрметті азаматы (1996 жыл).

Кубашев: Текст
bottom of page