top of page
Ө.Атамбаев.jpg

АТАМБАЕВ ӨТЕШҚАЛИ ДҮЙСЕНҒАЛИҰЛЫ

1910 жылдың 20 қыркүйегінде Гурьев (Атырау) облысы, Есбол (Индер) ауданының, Тума ауылында дүниеге келген – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанда қаржы ісін ұйымдастырушы. Еңбек жолын қарапайым жұмысшылықтан бастаған. 1925 жылдан 1927 жылдың қазан айына дейін Гурьев (Атырау) қаласындағы балық өндірісінде қатардағы жұмысшы болып істеген.  1927 жылдың қазан айынан 1928 жылдың мамыр айына дейін Гурьев (Атырау) қаласында уездік атқару комитетінде іс қағаздарын тіркеуші болып еңбек еткен. 1928 жылдың мамыр айынан 1929 жылдың наурыз айына дейін Гурьев округтік статистика бөлімінің статисі болып қызмет атқарса, 1931 жылы Мемлекеттік банктің Гурьев қаласы бойынша бастығының көмекшісі болып тағайындалған. 1931- 1935 жылдары Ресейдің Куйбышев жоспарлау - экономика институтында оқып, оны бітіргеннен кейін ұзақ уақыт бойы Қазақ КСР Мемлекеттік банк жүйесінде еңбек еткен. 1942-1945 жылдары Қазақ КСР Қаржы комиссарының бірінші орынбасары болған. 1945 – 1955 жылдары КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тұрақты өкілдігін басқарады. 1955 - 1961 жылдары Қазақ КСР Қаржы министрі. 1961 – 1963 жылдары  Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары, 1963 - 1966 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1963 – 1973 жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тұрақты өкілі болып (ІІ-рет) еңбек еткен. Өтешқали Дүйсенғалиұлы өзіне жүктелген лауазымдық қызметтермен қатар қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытқан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің үшінші, төртінші және бесінші шақыруларының депутаты, Қазақстан КП ОК мүшесі болған. Ол елімізге сіңірген еңбегі үшін Ленин, Октябрь Революциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендерімен және республикалық бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталған.
1994 жылдың 26 қыркүйегінде дүниеден озды.
Ө. Атамбаевтың есімімен Атырау қаласындағы бір көше, Махамбет ауданындағы бұрыңғы Топайлы ауылы аталады.

Атамбаев: Текст
bottom of page