top of page
Ұ.Төлегенов.png

ТӨЛЕГЕНОВ ҰЗАҚБАЙ

Төлегенов Ұзақбай 1942 жылы 5 қыркүйекте Гурьев облысы Новобогат ауданының Забұрын ауылында дүниеге келген.
1948-1958 жылдарда Новобогат ауданының Амангелді атындағы орта мектепте оқыған.
1959-1960 жылдарда  УМСХ – 66 курсанты, Забұрын совхозында тракторшы болған.
1961-1964 жылдары Совет Армиясы қатарында азаматтық боршын өтеген.
1965-1971 жылдары СПТУ-37 мекемесінде дене тәрбиесінің басшысы.
1971-1979 жылдары облыстық арнайы мектеп-интернатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
1979-1986 жылдары Махамбет аудандық киножелісі дирекциясының директоры.
1986-1988 жылдары Махамбет селолық Кеңесінің атқарушы комитетінің  төрағасы.
1988-1991 жылдары Халық депутаттарының Аудандық Кеңесінің атқарушы  комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.
1991-1992 жылдары  Аудандық Кеңес президиумының аппарат басшысы.
1993 жылы Махамбет әкімдігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі.              
1993 -2003 жылдары Махамбет ауданы әкімінің орынбасары.
2003 жылы Адандық халықтық білім беру бөлімінің меңгерушісі. 2003-2007 жылдары Махамбет аудандық Маслихат хатшысы. Ұ.Төлегеновтың қажырлы еңбегі тиісті бағаланып, «Еңбек ері», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалдарымен, облыс әкімінің, облыстық Маслихаттың, аудандық маслихаттың құрмет грамоталарымен, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен,  салалық Министірліктер мен басқармалардың алғыс хаттарымен марапатталған.
Әр жылдарда Махамбет аудандық және ауылдық Кеңестерінің депутаты. Махамбет ауданының құрметті азаматы.
Ұ.Төлегенов ұзақ жылдар жемісті абыройлы еңбек атқарып, ауданымыздың әлеуметтік, экономикалық дамуына зор үлес қосқан азамат.

Тулегенов: Текст
bottom of page