top of page
Жубаева.png

ЖҰБАЕВА ЖАҢЫЛ СӘРСЕНҒАЗЫҚЫЗЫ

Жұбаева Жаңыл Сәрсенғазықызы 1957 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. 1975-1977 жылдары Атырау медицина училищесін бітірген.
Еңбек жолы: 1977-1985 жылдары Қызылқоға аудандық орталық ауруханасында еңбек етеді. 1985 жылы «Салауаттылық жолындағы күрес ерікті қоғамы» Қызылқоға аудандық кеңесінің жауапты хатшылығына тағайындалады. Қоғамдағы маскүнемдікті жою, салауатты өмір салтын қалыптастыруда Жаңыл Сәрсенғазықызы халықтың арасына түсінік жұмыстарын ұйымдастырып, халықты салауаттылыққа насихаттап, спорттық шараларға қатысуына ықпал етіп, көптеген шаралардың ұйымдастырушысы болып, аянбай еңбек етті. Аудан әкімі аппаратында еңбек етіп жүріп, өз білімін көтеріп, Орта Азия университетін бітіріп, құқықтану мамандығын алады.
Қазақстан Республикасы өз алдына дербес ел болып алғашқы Тәуелсіздік алған уақытта Жаңыл Сарсенғазықызы Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып, аудан тұрғындары арасында Елбасымыз, Ұлт лидері Н.Ә.Назарбаевты саясатын қолдауға шақырып, ел арасындағы нарықтық  кезеңнің алғашқы ұйымдастыру жұмыстарын халыққа түсіндіруде аянбай қызмет жасады. 2002 жылы Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып жұмыс атқарған уақытта, шаруа қожалықтардың, жеке кәсіпкерліктің құрылуына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көптеп тіркелуін ұйымдастырды. 2006 жылы Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.
Аудан әкімі аппаратында өткізілетін мәжілістер мен жиналыстарды жүрісін ұйымдастырып, тиянақты, тыңғылықты, көздеген мақсатта өтуіне өзінің бар ынта жігерімен, жұмыстанды. Аудан әкімінің аудан активімен аудан тұрғындарымен өткізетін «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары» бойынша берілетін есеп беру жиналыстарының өту барысында, проблемалық мәселелердің нақты зерттеліп, өз мәнінде ұсыныстардың берілуін зерделеп ұйымдастырып, берілген ұсыныс-пікірлердің жинақталып, жүзеге асырылуын, орындалысын тұрақты бақылауға алып, баспасөз беттерінде жалпы халықтың танысуы үшін, тоқсан сайын берілуін тұрақты ұйымдастырды. Өзінің қызметін сүйіспеншілікпен, аса ізденіспен атқарып, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастыруға жұмыс жоспарын жасақтауға өз пікірін білдіріп отырды. Нормативтік құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасап, жас маман кадрлардың білімін жетілдіріп, үйреніп отыруына өзінің үлесін қосты.
Аудан халқының алдында беделі бар, сыйлы, мемлекеттік қызметке өзінің адал еңбегімен, білімді, біліктілігімен, талапшылдығымен көрініп, 30 жыл үзіліссіз мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етті. Марапаттары: Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет Грамотасым», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл»,  «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалдарымен, Облыс, аудан әкімінің бірнеше мәрте «Алғыс хатымен» марапатталған. Есімі «Қазақстанның Қанатты Әйелдері» кітабына енген. 2012 жылы 16 мамырда Астана қаласында өткен Республикалық заңгерлер Одағының I съезіне, 1995 жылы 2-4 тамызы аралығында Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеран қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық Қатынастар Ұйымының конференциясына делегат болып қатынасқан.

Жұбаева: Текст
bottom of page