top of page

СӘРСЕНҒАЛИЕВ ӘДІЛ
Сәрсенғалиев Әділ 20.03.1949 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылында дүниеге келген. Еңбек жолы: 1967 жылы Жангелдин атындағы кеңшарда көмекші шопан, 1968-1980 жылдары сол кеңшарда комсомол ұйымының секретары, 1980-1982 жылдары Жангелдин атындағы кеңшарда құрылыс шебері, 1982-1989 жылдары халық депутаттары Жангелдин ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1991 жылы Тасшағыл ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1991-1993 жылдары Тасшағыл ауылдық кеңесінің төрағасы, 1993-2004 жылдары Тасшағыл ауылдық округінің әкімі, 2004-2012 жылдары Тасшағыл ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маман қызметін атқарып, зейнеткерлікке шыққан. Марапаттары: 2013 жылы Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.
Сәрсенғалиев: Текст
bottom of page