top of page
Муклесов.jpg

МУКЛЕСОВ ЗИНЕТУЛЛА

Муклесов Зинетулла 5 қараша 1955 жылы Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Ганюшкин ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1974 жылдың тамыз айынан бастап Гурьев қаласындағы химия зауытында газ түрлерін айыру аппаратшысы қызметінен бастаған. 1985 жылы Гурьев педагогикалық институтын бітіріп, «Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі» мамандығын алып шықты. 1975–1978 жылдары аралығында Совет Армиясы қатарында әскери қызметте болды. 1978–1980 жылдары аралығында Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Еңбекші селосында Ж.Жаманбаев атындағы мектебінде дене пәнінің мұғалімі қызметте жасады. 1980–1982 жылдары аралығында Еңбекші селосының Еңбекші орта мектебінде  әскери жетекші болып жұмыс жасады. Осы Еңбекші селосында 1982–1986 жылдары аралығында «ХХV–партсъезд» атындағы совхозда спорт нұсқаушысы, 1986–1990 жылдары аралығында Ганюшкин селосында Халық депутаттары Теңіз аудандық советінің атқару комитетінің Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы қызметінде жасады. 1990–1994 жылдары аралығында Еңбекші селолық кеңесінің хатшысы, 1994–2001 жылдары аралығында Еңбекші селолық округі әкімінің орынбасары, 2001–2008 жылдары аралығында Еңбекші селолық округі әкімі аппаратында бас маман болып қызмет атқарды. 2008–2010 жылдары Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, 2010–2013 жылдары аралығында ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2013–2015 жылдары аралығында ұйымдастыру бөлімінің басшысы, 2015–2019 жылдары аралығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметінде жұмыс жасады.  
2013 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет Грамотасымен» және 2015 жылы «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған.
Отбасылы, үш қызы, бір ұлы бар.

Муклесов: Текст

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Отправлено. Спасибо!

Муклесов: Оставить отзыв
bottom of page