top of page
Конысбаев.png

ҚОНЫСБАЕВ ШАПИҒОЛЛА

Қонысбаев Шапиғолла 19.04.1949 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Гурьев педагогикалық институтына сырттай оқуға түсіп, 1975 жылы тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
Еңбек жолы: 1966-1968 жылдары Қызылқоға ауылдық советінде есеп жүргізуші, 1968-1969 жылдары Энгельс атындағы кеңшарда шофер, жұмысшы, 1969-1972 жылдары Қызылқоға ауылдық округінің есеп жүргізушісі, 1972-1973 жылдары Қарабау орта мектебінің мұғалімі, 1973-1979 жылдары Энгельс атындағы кеңшарда комсомол комитетінің хатшысы, 1979-1985 жылдары Энгельс атындағы кеңшарда кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1985-1991 жылдары Энгельс атындағы кеңшарда партия комитетінің хатшысы, 1991-1993 жылдары Қызылқоға ауылдық кеңесінің төрағасы, 1993-1998 жылдары округі әкімі, 1998-2003 жылдары Қарабау орта мектебінде психолог, 2003-2012 жылдары Қызылқоға ауылдық округінің  әкімі болып жұмыс жасады, кейін зейнеткерлікке шықты.
Марапаттары: Астананың 10 жылдығы медалімен, БЛКЖО О.К-нің, облыстық кеңес атқару комитетінің, аудандық, комсомол, кәсіподақ комитеттерінің Құрмет грамоталарымен наградталған, 2014 жылы Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

Қонысбаев: Текст
bottom of page