top of page
Тасжанова.png

ТАСЖАНОВА АЙМАН ҚАЗАЛЫҚЫЗЫ

Тасжанова Айман Қазалықызы 15.02.1950 жылы Ресей Республикасы Кемерово облысы Белово қаласында дүниеге келген. 1969-1973 жылдары Қарағанды кооперативтік институтын тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1973-1974 жылдары Қызылту жұмысшылар кооперативінде экономист, 1974-1976 жылдары аудандық Совет атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, 1976-2008 жылдары аудандық статистика бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып, зейнеткерлікке шыққан.
Марапаттары: 2007 жылы Қазақстан Республикасы статистика ісінің үздігі белгісімен марапатталған, 2013 жылы Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

Тасжанова: Текст
bottom of page