top of page
Даулеткалиева.png

ДӘУЛЕТҚАЛИЕВА ГҮЛСАРА НЫҒМЕТҚЫЗЫ

Дәулетқалиева Гүлсара Нығметқызы 1948 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. 1967-1973 жылдары Қарағанды Мемлекеттік медицина институтының санитарлық факультеті бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1973-2007 жылдары аудандық санитарлық эпидемиологиялық стансасында бөлім бастығы, 2007-2010 жылдары қадағалау басқармасында басқарма бастығының міндетін атқарушы болып қызмет атқарған. Ауданда санитарлық дәрігерлік мамандығы бойынша жұмыс атқарған 1-ші әйел дәрігер, 1 дәрежелі санитарлық дәрігер.
Марапаттары:  2002 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірлігінің «Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен, 2008 жылы Қазақстан Республикасының және оның астанасысының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «10 жыл Астана» медалімен, бірнеше республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі алғыс хаттармен марапатталған. 2014 жылы Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

Дәулетқалиева: Текст
bottom of page