top of page
Избасхан.png

ІЗБАСҚАН ЖӘНИЯ ҚАЛИҚЫЗЫ

Ізбасқан Жәния Қалиқызы 17.09.1953 жылы Атырау қаласының бұрынғы Еркінқала ұжымшарында дүниеге келген. Гурьев медицина училищесінің фельдшерлік бөлімін, кейін  Атырау педагогикалық институтының биология бөлімін бітірген.
Еңбек жолы: 1972-1978 жылдары Қызылқоға ауданындағы өкпе аурулар ауруханасында медбике, 1978-1985 жылдары аудандық киножүйесінің директоры, 1985-1992 жылдары халық депутаттары Қызылқоға аудандық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1992-1993 жылдары аудан әкімінің орынбасары, 1993-2004 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 2004-2006 жылдары аудандық ішкі саясат, мәдениет және туризм бөлімінің меңгерушісі, 2006-2009 жылдары Миялы ауылдық округінің әкімі, 2009-2016 жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі, 2017-2019 жылдары аудандық «Арман» мәдениет үйінің басшысы, 2020 жылдан бастап Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының қызметкері. Ұзақ жылдар бойы аудан мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың бірі.
Марапаттары: 1975 жылы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісі, 1976-1977 жылдары Орталық комсомол комитетінің «Құрмет грамотасымен», «Социалистік жарыстың жеңімпазы», «Үздік төс белгі», 1979-1981 жылдары Қазақ КСР Киноматография комитеті мен Қазақ КСР мәдениет Министрлігінің «Құрмет грамотасы», «Құрмет дипломы», «Оныншы бесжылдықтың жеңімпазы», «Бүкілодақтық халық шығармашылығы ІІ және ІІІ фестивалінің жеңімпазы»,  2000 жылы «ҚР-ның Мәдениет қайраткері» белгісі, 2004 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалі, 2011 жылы Облыста өткен мемлекеттік қызметкерлер арасынан «Қанатты әйел» номинациясын иегері, 2012 жылы Облыс бойынша «Жыл үздік адамы», 2013 жылы ҚР-сы Президентінің    «Құрмет орденімен», 2014 жылы «Өз кәсібінің үздігі орденімен», 2014 жылы Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді. Бірнеше кітаптың авторы.

Ізбасхан: Текст
bottom of page