
ЖҰБАНОВ БАҚЫТЖАН УТЕШҚАЛИҰЛЫ
Жұбанов Бақытжан Утешқалиұлы 1955 жылы 1 ақпанда Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. 1962-1972 жылдары Тұщықұдық ауылындағы М. Горький атындағы мектепті бітіріп, 1972 жылы Атырау қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумына инженер-механик мамандығына оқуға түскен. 1974-1976 жылдары әскери борышын өтеген. Әскерден келгесін оқуын жалғастырып, 1977 жылы ауылшаруашылығын механикаландыру мамандығын алып шыққан.
Еңбек жолын 1977-1978 жылдары «Чапаев» кеншарында механик болып бастаған.
1978 жылдан 1988 жылдар аралығында Новобагат аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында ауыл шаруашылығы техникаларын қадағалау инженері;
1988-1990 жылдар аралығында Махамбет аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігінде мемлекеттік техникалық қадағалау жөніндегі бас инспектор;
1990-1991 жылдары Исатай аудандық ауыл шаруашылығы өндірістік одағында мемлекеттік техникалық инспектор;
1991-1994 жылдары Исатай аудандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік басқармасында инженер-инспектор;
1994-2000 жылдары Исатай аудандық әкімшілік аппаратында мемлекеттік техникалық бақылау және еңбек қорғау жөніндегі бас маман;
2000-2007 жылдары Исатай аудандық аймақтық басқармасында бас маман, ауыл шаруашылығы машиналарын техникалық бақылау инспекторы;
2007-2013 жылдар аралығында ҚР АШМ АӨК-дегі МИК-нің Исатай аудандық аумақтық инспекция мемлекеттік мекемесінде техникалық қадағалау инспекторы;
2013 жылдан 2019 жылға дейін Исатай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің техникалық инспекция саласындағы бас маман инженер-инспекторы қызметтерін атқарды.
Жалпы ауыл шаруашылығы саласы бойынша 40 жыл 5 ай еңбек өтілі бар. 2019 жылдың мамыр айына дейін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде маман болып жұмыс жасады. Қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыста.