top of page
Маштахов.png

МАШТАХОВ ЖАНСИХ ҒАТИХҰЛЫ

Маштахов Жансих Ғатихұлы 1955 жылы 22 маусымда Атырау облысы Исатай ауданы (бұрынғы Новобогат) Хамит Ерғалиев ауылында (бұрынғы Новобогат) дүниеге келген. Ұлтым қазақ. 1962 жылы осы ауылдағы Амангелді орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 1972 жылы Индер ауданының Кулагино селосындағы Жамбыл атындағы орта мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1973 жылы Кулагинодағы «Казсельхозтехника» Индер аудандық бірлестігінде трактордың жөндеуші слесары болып бастаған.

1973-1977 жылдары Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін математика мамандығы бойынша бітіріп, 1977-1978 жылдары Новобогат ауданының М.Горький орта мектебінде мұғалім, 1978-1979 жылдары Х.Д.Новобогат аудандық Кеңесі атқару комитетінде азаматтық қорғаныс штабының бастығы қызметтерін атқарған.

         1979-1984 жылы Новобогат ауданының  «Путь Ильича» кеңшары комсомол комитетінің босатылған хатшысы, кеңшар партия  комитеті мүшесі (1982 жылы СОКП мүшелігіне қабылданды), 1984-1985 жылдары ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің хатшысы болып сайланды.

1985-1987 жылдары мектеп реформасына сәйкес аудандық партия комитетінің жұмсауымен  осы ауданның Ақтоғай орта мектебі директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

         1987-1989 жылдары халық депутаттары Ақтоғай селолық Кеңесі атқару комитетінің хатшысы, 1989-1991 жылдары Махамбет ауданының халық депутаттары Кеңөзек селолық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1991 жылы осы селолық Кеңестегі «Алғабас» мал бордақылау кеңшары партия комитетінің хатшысы қызметтеріне сайланды.

         1991 жылы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының тарауымен байланысты қызметті тоқтатып, басқа жұмыс жасауға тура келді.

1991-1992 жылдары Х.Д. Балықшы аудандық Кеңесі атқару комитетінің құрылтайшылығымен «Алғабас» кеңшарының базасында Тасқала селосында  алғаш рет колбаса, ет өнімдерін шығаратын «Шұжық» шағын мемлекеттік кәсіпорынын ұйымдастырып, оның директоры болды.

         1992-1995 жылдары Индер геологиялық-барлау партиясы, кейін «Барлау»АҚ - ның экспедиторы, 1995-1997 жылдары «Бор» ЖШС-нің экспедиторы жұмыстарын атқарды.

         1997-1999 жылдары №5 Индер кәсіптік-техникалық мектебі директорының орынбасары, 1999-2002 жылдары Исатай аудандық пошта торабының бастығы қызметтеріне тағайындалды.

         2002-2004 жылдарда Исатай аудандық мәслихатының бас маманы, 2004 жылдың қаңтарынан 2019 жылға дейін Исатай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы әкімшілік мемлекеттік қызметін атқарды. Мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылғы жемісті еңбегі ескеріліп облыстық мәслихатының ұсынуымен  2017 жылғы маусымда «Мемлекеттік қызметтің үздігі» Төс белгісі – ҚР Үкіметтік наградасымен маратталды. БЛКЖО және Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеттерінің Құрмет    Грамоталарымен (1979-1984 ж.ж.), Исатай ауданының Құрмет Грамотасымен (2005 ж.), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» ескерткіш медалімен (2011 ж.), Атырау облысы Әкімінің Алғыс хатымен (2012 ж.), Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 20 жыл медалімен (2014 ж.), «Мемлекеттік қызметтің Үздігі»  Төс белгісімен (2017 ж.), «Астана 20 – жыл» Төс белгісі (2018 ж.), «Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен (2019 ж.) марапатталған.

Маштахов: Текст
bottom of page