
ҚҰРМАНҒАЛИЕВА НАДЕЖДА ХАБИБОЛЛАҚЫЗЫ
Құрманғалиева Надежда Хабиболлақызы 11 наурыз 1956 жылы Гурьев облысы Новобогат ауданы Чапаев селосында дүниеге келген. Бiлiмi жоғары. 1979 жылы Гурьев педагогикалық институты Физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
1973 –1974 жылдары М.Горкий орта мектебінде аға пионер вожатый;
1979 – 1980 жылдары М.Горкий орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі;
1980 – 1981 жылдары Жұмыспен қамту мекемесінде инспектор;
1981 –1984 жылдары Аудандық мәдениет бөлімінде аға инспектор, директор;
1984 –1987 жылдары Аққыстау орталау мектебінің директоры;
1987 –1988 жылдары Аудандық білім бөлімінде әдіскер;
1988 –1991 жылдары Аққыстау орта мектебінде кластан тыс жұмысты ұйымдастырушы;
1991 –1992 жылдары Аудандық мұғалімдер кәсіподақ ұйымының төрағасы;
1992 –1994 жылдары Аудан әкімшілігінде әлеуметтік мәселелер жөніндегі маман;
1994 –1997 жылдары Исатай аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі;
1997 –1999 жылдары Исатай аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі;
1999 –2004 жылдары Исатай аудандық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі;
2004 – 2006 жылдары Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі;
2006 – 2014 жылдары Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2014 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққан.
«Астана-10 жыл» медалімен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрмет грамотасымен (2006 жыл), Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрмет грамотасымен (2009 жыл), Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бағдарламалардың орындаудағы жетістіктер – үшін Тәуелсіздіктің 10 жылдығы және 20 жылдығына орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Құрмет грамотасымен, Әлеуметтік Еңбек саласының үздігі медалімен (2013 жыл), облыс әкімі, облыстық мәслихат, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған. «Қанатты әйел» байқауының жүлдегері.