top of page
Хисым.png

ХИСЫМ ҰЛБОСЫН  ҚАБИБОЛЛАҚЫЗЫ

Хисым  Ұлбосын  Қабиболлақызы 1960  жылы Гурьев облысы,  Махамбет ауданы, Мыңтөбе  ауылында  дүниеге  келген.  Ұлты-қазақ. Білімі- жоғары. 1985  жылы  Гурьев  педагогикалық  институтын  биология  пәнінің  мұғалімі  мамандығы  бойынша  бітірді.

         Еңбек жолын 1976 жылы Октябрь орта мектебінде аға пионер жетекшісі болып бастаған.

         1984 жылдан 2013 жылдар аралығында Исатай орта мектебінде интернакт тәрбиеші, интернат меңгерушісі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты технология, биология пәндерінің мұғалімі болып еңбек етті. Еңбек еткен жылдарында аудандық, облыстық, республикалық марапаттарға ие болған. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, 2010 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, 2012 жылы «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің үздік қызметкері жинағына енгізілген. 2013-2019 жылдары Исатай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады. 2014 жылы Исатай ауданы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы болды. 2015 жылы «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауына белсене қатысқан Атырау облысы Исатай ауданының «Исатай ауылы» бастауыш партия ұйымының Алғыс хатымен марапатталған. 2015 жылы Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінің делегаты. 2016 жылы Атырау облысының іскер әйелдер жинағына енген. 2017 жылы Қазақстанның  іскер әйелдері қауымдастығының ұйымдастырған халықаралық бизнес конференциясының делегаты, Исатай ауылдық округі «НұрОтан» бастауыш ұйымының төрайымы, Аудандық гендерлік істер жөніндегі комиссиясының орынбасары, «НұрОтан» партиясы Исатай аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі болып қоғамдық жұмыстар атқарады. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы Мемлекеттік қызметке – 20 жыл эсселер жинағына енгізілген. 2019 жылы Облыстық маслихаттың алғыс хатымен марапатталған. 2019 жылдың  маусымынан бастап зейнеткерлікке шыққан.

Хисым: Текст
bottom of page