top of page
Карабалина.png

ҚАРАБАЛИНА РОЗА ИБРАЙМҚЫЗЫ

Қарабалина Роза Ибраймқызы 11 ақпан 1955 жылы Гурьев облысы Бақсай ауданы Новобогат селосында дүниеге келген. 1972 жылы Гурьев педагогика институтына оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын 1976 жылы математика-физика мамандығы бойынша тәмамдады. Алғашқы ұстаздық еңбек жолын 1976 жылдың 1 қыркүйегінен Новобогат ауданы Амангелді орта мектебінен бастап, аталған мектепке 1980 жылға дейін математика пәні мұғалімі қызметін абыроймен атқарды. 1980 жылы Новобогат ауданы М.Горький атындағы орта мектепте математика-сызу пәндерінің  мұғалімі қызметін атқарып,  1981 жылы отбасы жағдайына байланысты Аққыстау орта мектебіне ұстаздық қызметке ауысты. Мектепте ұстаздық қызмет ете жүріп, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметін атқарды.

         1998 жылы аудандық әдістемелік кабинетте математика-информатика пәндері әдіскері қызметінде болып, ал 1999 жылы Аққыстау орта мектебіне мектеп директорының оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылып, қызметтегі табандылығы мен еңбекқорлығының нәтижесінде 2005-2010 жылдар аралығында жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебі директоры лауазымдық қызметін атқарды. «Мектепте дарынды балалармен жұмыс жасауға басшылық беру жолдарын жетілдіру» тақырыбымен облыстық педагогикалық оқуда жүлделі II дәрежелі дипломмен марапатталды. Ұрпақ тәрбиесі жолындағы еңбегім бағаланып, «Математика сабақтарында саралап оқыту әдістері» тақырыбында іс тәжірибесі облыс көлемінде таратылды.  «Нәтижеге бағытталған ізденістер» тақырыбындағы баяндама 2005 жылы 19-21 қазанда өткен халықаралық ғылыми практикалық конференцияның материалдар жинағына енді.  2005 жылдың 21-23 қараша күндері Астана қаласында өткен «Eurasian womens summit» конференциясына қатысып, тәжірибе жинақтап қайтты.

         2010-2013 жылдар аралығында Исатай аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауысып, еңбек етті. Аудан мектептері мұғалімдерді мен оқушыларының шығармашылығын дамытудағы және білім беру мекемелерінің жұмысын басқару мен бақылауды ұйымдастырудағы еңбегі жоғары бағаланып, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. 2013-2017 жылдары Өркен орта мектебінің директорлық қызметін атқарды. 2017 -2019 жылдары «Жалын» мәдениет үйінің басшысы сонымен бірге Исатай аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы қоғамының жұмыстарын қоса атқарды. 

         Қарабалиндер ұстаздар династиясынан шыққан Роза Ибараймқызы бүгінде               

2 ұл, 1 қыздан бірнеше немере-жиен сүйіп отырған әже, отбасының ұйытқысы.

         Еңбек еткен жылдары аудан, облыс әкімдерінің, кәсіподақ ұйымдарының бірінші Алғыс хаттарын иеленіп, марапаттар алды. Лауазымды қызметте абройлы, өз ісінің үздігі Р.Ибраймова қоғамдық жұмысқа белсенді тәжірибесі жеткілікті, білікті азаматша.

Карабалина: Текст
bottom of page