top of page
Джумаева.jpg

ДЖУМАЕВА МАҚПАЛ КӘУКЕҚЫЗЫ

Джумаева Мақпал Кәукеқызы 1957 жылдың 5 қаңтарда Гурьев (Атырау) облысы, Теңіз (Құрманғазы) ауданы, Ганюшкин (Құрманғазы) ауылында дүниеге келді. 1964 жылы ганюшкин ауылындағы Абай атындағы орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1974 жылы осы мектепті бітірген. 1974 жылдың қазан айынан бастап еңбекке араласып, алғашқы еңбек жолын Гурьев (Атырау) қаласындағы «Каззапсельпроект» жобалау институтынан бастады. 1977 жылдың маусым айынан Теңіз аудандық атқару комитетінің (райисполком) сәулет бөліміне сметалық-жобалау тобына техник-технограф болып жұмысқа орналасып, 1984 жылға дейін жұмыс жасады. 1978 жылы Гурьев политехникалық техникумының «Өнеркәсіп және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1981 жылы осы оқу орнын бітіріп, құрылыс-технигі квалификациясын алды. 1984 жылы Теңіз аудандық атқару комитетінің жоспарлау комиссиясына (райплан) құрылыс саласы бойынша маман ретінде жолдамамен ауыстырылды. Осы жылдан бастап аудандық жоспарлау комиссиясында, жоспарлау бөлімінде, аудандық экономика комитетінде, экономика бөлімінде (аудандық әкімдік) 2008 жылға дейін бас маман болып жұмыс жасады. 2004 жылдан 2006 жылға дейін аудандық сәулет бөлімінде, 2006 жылдан 2016 жылға дейін аудандық құрылыс бөлімінде бас маман лауазымын атқарды. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап зейнеткерлікке шыққан.
2001 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Джумаева: Текст

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Отправлено. Спасибо!

Джумаева: Оставить отзыв
bottom of page