top of page
Тахаев.png

ТАХАЕВ МӘДИ

Тахаев Мәди 1952 жылы 5 қарашада Құрманғазы (бұрынғы Теңіз) ауданы, Нұржау селолық округі, Жамбыл колхозында балықшы отбасында өмірге келген. 1970 жылы Ленин атындағы орта мектепті бітіріп сол жылы Гурьев қаласындағы педагогикалық институттың тарих факультетіне оқуға түсіп, оны тарих пәні мұғалімі бойынша бітірген.
1974-1979 жылдары сол аудандағы №188 кәсіптік-техникалық білім беру мекемесінде қоғамдық пәндерден оқытушы болған. 1979-1982 жылдары Абай атындағы орта мектепте тарих пәнінін мұғалімі қызметін атқарған. 1983 жылы Исатай ауданына қоныс аударып, аудан орталығындағы Х.Д Ақыыстау селолық кеңесінің хатшысы қызметіне сайланған. Осы салада жүріп 1994 жылға дейін селолық округ әкімінің орынбасары, округ әкімі қызметтерін атқарған.
1994-2016 жылдар аралығында Исатай ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімін басқарған.
33 жыл мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек еткен. Жұмыс жасаған жылдарында 18 рет Алғыс хаттармен Құрмет грамотасымен марапатталған. Оның ішінде, 2008 жылы ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттінің «Мемлекеттік қызметті қалыптастыруда және даму үстіне елеулі үлес қосқаны үшін» Алғыс хатпен марапатталған. 2012 жылы Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының «қызметкерлердің әкімшілік-экономикалық құқықтарын қорғаудағы белсенді қызметі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.
2016 жылы ҚР Президентінің жарлығымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекелік медалімен наградталған. Отбасында 4-ұл, 4-қыз тәрбиелеп өсірген.

Тахаев: Текст
bottom of page