top of page
Щербакова.png

ЩЕРБАКОВА ИРИНА ВИКТОРОВНА

Щербакова Ирина Викторовна 1955 жылы 13 қаңтарда Гурьев қазіргі Атырау қаласында дүниеге келген. Ұлты орыс.  Білімі  жоғары 1973 жылы Целиноград финанс экономикалық техникумын бухгалтер-қаржыгер мамандығы бойынша және 1982 жылы Алматы халық  шаруашылығы  институтын  қаржыгер-экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1973 жылы қалалық қаржы бөлімінде  маман, бас маман, сектор меңгерушісі лауазымдарын атқарған. И.Щербакова мемлекеттік қызметкер ретінде бір мекемеде 40 жыл бойы үзбей еңбек еткен кездерінде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстарына қатысып отырған. Жауапты да, өз қызметінің шебері Ирина Викторовна зейнеткерлікке шыққанға дейін бірнеше мемлекеттік қызметкерлерге тәлімгер бола отырып жас мамандарды тәрбиелеуде қосқан үлесі зор. Бөлімнің қоғамдық қызметіне белcене араласып кәсіподақ комитетінің мүшесі болған. Өз ісіне мұқият,  қаржы саласына қосқан зор үлесіне сәйкес облыс, қала әкімінің, Мәслихатының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алғыс хаттарымен  марапатталды. Жанұялы, семьяда жолдасы 1 қыз,1 ұл тәрбиелеген ана.
2013 жылдың маусымынан бастап зейнеткерлікке шыққан.

Щербакова: Текст
bottom of page