top of page
Уразалина.png

УРАЗАЛИНА ГУЛЖАМАЛ СӘУЛЕНҚЫЗЫ

Уразалина Гулжамал Сәуленқызы 1955 жылы 4 шілдеде  туылған. Туған жері Атырау қаласы, Балықшы ауданы,  Кеңөзек селосы. Ұлты қазақ. Білімі арнаулы орта, 1973 жылы Акмола финанс экономикалық техникумына мемлекеттік қауіпсіздендіру мамандығы бойынша түсіп, 1975 жылы  бітірген. Еңбек жолын 1975 жылы Балықшы қаржы бөлімінде мемлекеттік түсімдер жөніндегі инспекторы лауазымынан бастап, аға бухгалтер лауазымдарын атқарған.
1988 жылдан бастап қалалық қаржы бөлімінің бас бухгалтердің міндетін атқарушы, 1997 жылдан 2012 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін қалалық қаржы бөлімінің бухгалтерлік есеп және есептеу секторының бас маманы лауазымын атқарған.
Г.Уразалина мемлекеттік қызметкер ретінде қаржы саласында  40 жыл бойы үзбей еңбек етумен бірге мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстарына қатысып  отырған.
Өз ісіне мұқият,  қаржы саласына қосқан үлесіне сәйкес облыс, қала әкімінің, Облыс Мәслихатының  алғыс хаттарымен марапатталған.
2013 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққан.

Уразалина: Текст
bottom of page