top of page
Шурин: Текст
Шурин.jpg

ШУРИН БОЛАТБЕК НАСИБОЛЛАҰЛЫ

Шурин Болатбек Насиболлаұлы 1949 жылы Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Нұржау селолық советінің «Кеме қатқан» телімінде дүниеге келген. 1966 жылы Ломоносов орта мектебін бітіргеннен кейін ұстаздық жолды таңдап, Гурьев педагогикалық иститутының физика-математика факультетіне оқуға түседі. Аталған жоғары оқу орынын жақсы тәмәмдаған жас маман алғашқы еңбек жолын 1970 жылы 17 тамызда  өзінің ұшқан ұясы Ломоносов атындағы орта мектепте бастайды. Жас болса да жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарай білетін ұстаз, басшылар тарапынан лайықты бағасын алып, 1971 жылы Ганюшкин балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісінің меңгерушісі қызметіне жоғарылатылады. 1971-1972 жылдары аудандық пионерлер үйінің директоры қызметіне тағайындалады. 1973-1979 жылдары Утера орта мектебінде әскери жетекші, Ломоносов орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып, шәкірт тәрбиесіне қомақты үлес қосты. 1979 жылы Болатбек Насиболлаұлы Халық депутаттары Теңіз аудандық советі атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы болып тағайындалады. 1983 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы Теңіз аудандық комитеті үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы қызметін атқарды. 1983 жылы Теңіз аудандық мәдениет бөлімін басқарды. 1986 жылдан 1992 жылға дейін Теңіз аудандық советі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып адал еңбек етті. 1992 жылы Теңіз ауданы әкімшілігінің кеңесшісі қызметінде болды. Қандай жұмысқа да бел шеше кірісіп, алға қойған міндеттердің үдесінен шығуды мақсат тұтатын Болатбек Насиболлаұлы 1992-2013 жылдары Теңіз аудандық тұтынушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары, Ганюшкин селолық советінің төрағасы, Ганюшкин ауылының мәселелерімен айналысатын сектор меңгерушісі, №3 кәсіптік-техникалық лицейде директор, Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің, Құрманғазы аудандық мәдениет бөлімінің, Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімінің, Құрманғазы аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметі баспалдақтарынан абыроймен жүріп өтті. 2013 жылы 1 қаңтардан бастап Құрманғазы аудандық білім беру бөлімінде әдіскер болып еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты.
Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Болатбек Насиболлаұлының ұзақ жылдар еткен еңбегі еленіп, 2000 жылы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10жыл» медаліме, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алғыс хатымен, 2010 жылы Құрманғазы ауданының Құрмет грамотасымен, басқа да түрлі марапаттармен ұлығыланды. Әр жылдары ел сенімін арқалап аудандық, ауылдық кеңестердің бірнеше кезең депутаты болды.
1973 жылы 24 қазанда Дина Кәрімқызымен отбасы құрып, өзінен өрбіген  2 ұл, 1 қызын елге сыйлы азаматтар мен азаматшалар етіп тәрбиеледі. Барлығы да әке атына кір келтірмей, өмірге бір кірпіш болып қаланып, қоғамымыздың кем-кетігін толтырды. Олардан 6 немере, 3 жиен сүйіп, ұрпақ қызығына бөленді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Отправлено. Спасибо!

Шурин: Оставить отзыв
bottom of page