top of page
Амиргалиев.jpg

ӘМІРҒАЛИЕВ АЙБОЛАТ ИНАМАТҰЛЫ

Әмірғалиев Айболат Инаматұлы 1946 жылдың 9 қарашасында Құрманғазы (бұрынғы Теңіз) ауданы, Жапырық елді мекенінде дүниеге келді. Мектеп табалдырығын 1952 жылы аттап, 1963 жылы аудан орталығындағы Ломоносов атындағы 11 жылдық мектепті бітірген. Сол жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп, 1967 жылы математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Оқу бітіргеннен кейін  ұстаздық қызметті Маңғыстау ауданының  Ералиев атындағы орта мектебінен бастаған. 1967-1968 жылдары Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеп,1969-1971 жылдар аралығында Құрманғазы ауданындағы Гоголь және Ломоносов атындағы орта мектептері бойынша мұғалім болып қызмет жалғастырды. 1971 жылдың қарашасында арнайы шақырумен комсомол жұмысына ауысты. 1971-1975 жылдары аудандық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, 1975 жылдың шілдесінде аудандық партия комитетіне жұмысқа шақырылды. Онда 1982 жылдың мамырына дейін нұсқаушы, кейін 1987 жылдың ақпанына дейін үгіт- насихат бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1987-1988 жылдары Калинин атындағы кеңшарда партия комитетінің хатшысы, 1988-1992 жылдары Ганюшкин селолық кеңесі атқару комитетінің төрағасы,1992-2000 жылдар аралығында аудан әкімшілігінде бөлім меңгерушісі, 2000-2010 жылдары аудандық әлуметтік қамсыздандыру (райсобес) бөлімін басқарды. 2009 жылдың қараша айында зейнеткерлікке шықса да, 4 жыл аудандық білім беру бөлімінде әдіскер болып жұмыс жасаған. Жұмыс жасаған кезеңдерде 12 жыл бойы үзбестен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болып қоғамдық негізде жұмыс жасады. Сол еңбегіне сай облыс, аудан әкімдерінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Елбасының және орталық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хаттарын иемденіп, 2006 жылы Құрманғазы ауданының           «Құрметті азаматы» атағын алған.

Амиргалиев: Текст

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Отправлено. Спасибо!

Амиргалиев: Оставить отзыв
bottom of page