top of page
Абдуллин.jpg

АБДУЛЛИН АБДРАХИМ АБДОЛЛАҰЛЫ

Абдуллин Абдрахим Абдоллаұлы 1945 жылы 15 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосында (Өлеңді селолық Кеңесінде) дүниеге келді.

1961 жылы Ганюшкин селосындағы Абай атындағы орта мектепті бітіріп, осындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсті. Аталған училищенің толық курсын кең профильді тракторист-машинист мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Одан кейін ауданның ауылшаруашылығы кәсіпорындарында мамандығы бойынша жұмыс жасады.

1964-1967 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери қызмет атқарды. Осы қызметте жүріп КСРО Жоғары Кеңесінің 1965 жылы 7 мамырдағы Жарлығымен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 20 жылдығы» медалімен наградталды.

1967 жылы аудандық мәдениет бөліміне автоклубтың шофер-киномеханигі қызметіне қабылданып, 1986 жылға дейін үзбей осы Құрманғазы (Теңіз) аудандық мәдениет бөлімінде 20 жылға жуық түрлі қызметтер атқарды.

  • 1972 жылдан 1975 жылдың аяғына дейін мәдениет үйінің директоры;

  • 1975 жылдан 1980 жылдың қазан айына дейін бөлімнің аға инспекторы;

  • 1980 жылдан 1986 жылдың қыркүйек айына дейін осы мекемеде бас

есепші болып жұмыс жасады.

1979 жылы Гурьев ауылшаруашылық техникумында оқып, ауылшаруашылығы кәсіпорындарының бухгалтері мамандығын алып шықты.

1989 жылы Алматы халықшаруашылығы институтын сырттай оқып, экономист мамандығын алып шықты.

1986 жылдан 1990 жылға дейін Ганюшкин селосындағы №188 кәсіптік-техникалық училищеде бас есепші қызметін атқарды.

1990 жылдың басынан 1996 жылға дейін Құрманғазы аудандық Қаржы бөлімінің бастығы қызметін;

1996 жылдан 2009 жылдың қазан айына дейін Атырау облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің Құрманғазы аудандық Қазынашылық басқармасының бастығы қызметін атқарды.

  • 2004 жылы 12 наурыз Қаржы Министрінің грамотасымен;

  • 2005 жылы 7 қазан Қазақстан Республикасының Құрмет

Грамотасымен;

  • 2008 жылы 18 қыркүйек Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

қызмет істері агентігінің алғыс хатымен;

  • 2005 жылдың қараша айында Атырау облысы Құрмет Грамотасымен;

  • 2008 жылдың қазан айында Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен

марапатталды;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 тамыздағы

Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл»

медалімен наградталды.

  • Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 14 қаңтар 2019

жылғы №38 ж/к Бұйрығымен «Еңбек ардагері» атағы берілді (куәлік №82);

2008 жылдың қараша айынан бастап зейнеткерлікке шықты.

Абдуллин: Текст

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Отправлено. Спасибо!

Абдуллин: Оставить отзыв
bottom of page